Екі қазақ боксшысы Азия чемпионатының финалында өзара мықтыны анықтайды

Екі қазақ боксшысы Азия чемпионатының финалында өзара мықтыны анықтайды
Бокс

ҚБФ

2026 жылғы Азия чемпионатының финалында аса ауыр салмақ дәрежесінде екі қазақ боксшысы — Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай мен Қытай құрамасы сапындағы этникалық қазақ Данабек Байқоныс өзара мықтыны анықтайды. Байрақты бәсеке World Boxing ұйымдастыруымен Улан-Батор қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz.  

Жартылай финалда Данабек Байқоныс үндістандық Нарендермен қолғап түйістірді. Бірінші раундта қарсыласы ауыр жарақат алып, жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылды. Нәтижесінде төрешілер техникалық шешіммен (4:1) жеңісті Байқонысқа берді.

Ал Айбек Оралбай өз жартылай финалында түрікменстандық Довлет Исламовты 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Осылайша, Айбек Оралбай мен Данабек Байқоныс арасындағы шешуші жекпе-жек 10 сәуір күні өтетін финалдық сессия аясында өтеді.