“Атырау” футбол клубы жекеменшікке өтті
Футбол
Атырау ФК
Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін Атырау футбол клубы аукцион нәтижесінде жекеменшікке берілді.
Бұл туралы журналист Эльдар Аманбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жоспарланған аукцион сәтті өтіп, клуб жаңа иелердің қарамағына өткен.
Дереккөз мәліметінше, жаңа басшылық пен жергілікті әкімдік өкілдері жақын арада команданың қатысуымен өтетін матчқа қатыспақ.
Алтыншы тур аясындағы ойын Түркістанда өтіп, Атырау петропавлдық Қызылжар клубын қабылдайды.
Айта кетейік, ҚПЛ-2026 маусымының бес турында Атырау 7 ұпай жинап, турнир кестесінде сегізінші орында тұр.