Қазақстан құрамасы бокстан Әлем кубогы 2026 кезеңіне қатысатын құрамын жариялады
Prokadrykz
Қазақстан бокс федерациясы бокстан Әлем кубогы 2026 кезеңі аясындағы алғашқы кезеңге қатысатын ұлттық құраманың тізімін бекітті.
Турнир 20–26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтеді.
Ерлер құрамасы:
50 кг – Даниял Сабит
55 кг – Бағлан Кенжебек
60 кг – Жансері Көшербаев
65 кг – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
70 кг – Фарух Токтасынов
75 кг – Санжарали Бегалиев
80 кг – Диас Молжігітов
85 кг – Сұлтанбек Айбарұлы
90 кг – Дәулет Төлемісов
Әйелдер құрамасы:
51 кг – Алуа Балқыбекова
54 кг – Назым Қызайбай
60 кг – Виктория Графеева
65 кг – Аида Әбікеева
70 кг – Наталья Богданова
80 кг – Жібек Жарасқызы
+80 кг – Валерия Аксенова
Алдағы жарысқа 50-ден астам елден шамамен 400 боксшы қатысады деп күтілуде. Бразилия бұл турнир кезеңін өз тарихында екінші рет қабылдамақ. Айта кетейік, 2025 жылы қазақстандық боксшылар дәл осы елде өткен бәсекеде үш алтын және үш қола медаль жеңіп алған болатын.