FIFA Series: Қазақстанның Намибияға қарсы ойнайтын құрамы жарияланды
Футбол
FIFA Series 2026. Сурет: ҚФФ
Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series 2026 турнирі аясында алғашқы матчын өткізеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Командамыздың алғашқы қарсыласы - Намибия құрамасы. Талғат Байсуфинов бірінші минуттан бастап алаңға шығатын ойыншылар тізімін жариялады.
Қазақстан құрамасы: Анарбеков, Әліп (К), Қуат, Қасым, Кенжебек, Чесноков, Самородов, Вороговский, Свиридов, Оразов, Мрынский.
Матч Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.