Рыбакина Australian Open-ге дайындығын бастады
Теннис
Елена Рыбакина / Сурет: ҚТФ
Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина маусымның алғашқы “Үлкен дулыға” жарысы алдында жаттығу өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қазақстанның үздік теннисшісі жарыс өтетін қала Мельбурнге келіп, жаттығуға кірісті. Спортшының жаттығу процесінен әлеуметтік желілерді суреттер жарияланды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Мельбурнде турнирге іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Ал жарыстың негізгі кезеңі 18 қаңтарда басталады.