Елена Рыбакина Брисбендегі жарыстың ширек финалында
Теннис
Елена Рыбакина / Сурет: ҚТФ
Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбенде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жарыстың үшінші айналымында Қазақстан теннсінің үздігі дүниежүзілік рейтингіде 25-орында тұрған испаниялық Паула Бадосамен кездесті. Бұл екі теннисшінің өзара тоғызыншы матч еді. Бұған дейін екі теннисші де өзара теке-тіресте төрт жеңіске қол жеткізген. Брисбендегі бәсекені Елена Рыбакина 6:3, 6:2 есебімен өз пайдасына жаза білді.
Осылайша, отандасымыз маусымның алғашқы жарысында ширек финалға шықты. Ол жартылай финал жолдамасын не Екатерина Александровамен, не Каролина Муховамен сарапқа салады.