Елена Рыбакина маусымды жеңіспен бастады
Теннис
Елена Рыбакина / Сурет: ҚТФ
Брисбенде жаңа теннис маусымының алғашқы жарысы WTA 500 турнирі жалғасып жатыр. Қсзақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина маусымды жеңіспен бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Еліміздің үздік теннисшісі турнирдің екінші айналымынд қытайлық Чжан Шуайды 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Үшінші айналымда Рыбакина Мари Боузкова - Паула Бадоса матчының жеңімпазымен кездеседі.
Осы турнирдің іріктеу кезеңінде жеңіліс тапқан Юлия Путинцева жарақатына байланысты жарыстан шыққан Каролина Плишкованы алмастырып, алғашқы ойынында америкалық Хейли Баптистті 6:2, 6:4 еспбімен жеңді. Екінші айналымда Путинцева украиналық Марта Костюкпен шеберлік байқасады.