Қазақ балуандары Түркиядағы турнирде төрт медаль жеңіп алды

Қазақ балуандары Түркиядағы турнирде төрт медаль жеңіп алды
Күрес

Сурет: UWW

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Түркияның Анталья қаласында өткен ірі халықаралық турнирде өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отандастарымыз төрт медальға қол жеткізді. Оның екеуі - алтын жүлде. Антальяда өткен бәсекеде 67 келі салмақтағы Бағдат Сабаз және 72 келідегі Юсуф Ашрапов жеңімпаз атанды. Ал 63 келіде Еркебұлан Ардақов пен 97 келіде Рахат Бержанов қола медаль иеленді.