Путинцева WTA 500 турнирінің екінші кезеңіне өтті

Путинцева WTA 500 турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис

Юлия Путинцева / Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Аделаидада басталған WTA 500 турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстандық теннисші жылдың алғашқы "Үлкен дулыға" жарысы - Australian Open алдындағы соңғы жарысының 1/16 кезеңінде Далма Галфиді (93) (6:4, 6:4) есебімен жеңді.

1/8 финалда Юлия Путинцева америкалық теннисші Эмма Наварромен кездеседі.