Қазақстанның тағы бір клубы плей-оффқа жолдама алды

Қазақстанның тағы бір клубы плей-оффқа жолдама алды
Хоккей

"Арлан" ХК / Сурет: Pro Hokei Ligasy

19 ақпанда хоккейден Қазақстан чемпионаты 2025/2026 жылдар маусымының плей-офф кезеңі басталады. Қазіргі таңда Лиганың екінші кезеңі өтіп жатыр. Осы кезең аясында тағы бір клуб плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Көкшетаулық "Арлан" биылғы Кубок үшін таласта бақ сынайтын төртінші команда атанды. Владимир Маркелов бастаған ұжымның қоржынында маусымның 38 ойынынан кейін 53 ұпай бар. Қазіргі таңда команда турнирлік кестеде төртінші орында келе жатыр. Көкшетаулық ұжым қатарынан екі маусымда ел чемпионы атанған еді. 

Айта кетейік, бұған дейін "Номад", "Сарыарқа" мен "Торпедо" ұжымдары плей-офф кезеңіне шыққан еді.