“Қайрат” сырт алаңда жеңіске жетті
Футзал
“Қайрат” АФК
Футзалдан Чемпиондар Лигасы плей-офф кезеңі 1/8 финалында алматылық “Қайрат” сырт алаңда “Андерлехтпен” кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бельгияда өткен матчтың алғашқы таймында екі команда жалпы алты гол соқты. Алматылық ұжым сапынан Кайо Руис, Атирсон да Сильва Оливейра мен Лукас Отанья көзге түсті.
Ойынның екінші таймының басында Дәурен Тұрсағұлов өз командасын алға шығарып, Атирсон дубль авторы атанса, Біржан Оразов пен Отанья өз есептеріне бір голдан жазды - 7:3.
Командалардың қарымта кездесуі 5 желтоқсанда Алматыда өтеді.