ФИФА президенті ӘЧ-2026 билеттерінің қымбаттау себебін түсіндірді

ФИФА президенті ӘЧ-2026 билеттерінің қымбаттау себебін түсіндірді
Футбол

Sportbox

FIFA президенті Джанни Инфантино 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты билеттерінің не себепті қымбаттағанын түсіндірді.

— ФИФА-ның басты және әзірге жалғыз табыс көзі – әлем чемпионаты. Біз табысты бір айда табамыз, кейінгі 47 айда сол қаражатты жұмсаймыз, — деді Инфантино.

Сәуір айында ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионаты финалына билеттер бағасын көтерді. Ең қымбат билет құны 8 680 доллардан 10 990 долларға дейін өсті. Екінші санаттағы орындар 7 380 доллар, ал үшінші санаттағы билеттер 5 785 доллар болып белгіленді.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. 

Турнирдің ашылу матчы 11 маусым күні Estadio Azteca стадионында өтеді, ал финалдық кездесу 19 шілдеде MetLife Stadium аренасында ұйымдастырылады.

Сондай-ақ бұл әлем чемпионаты тағы бір тарихи жаңалығымен ерекшеленеді: алғаш рет турнирге 48 құрама қатысып, 39 күн ішінде 104 матч өткізіледі.