Дастан Сәтпаевтың трансферлік құны артты
“Қайрат” ФК
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және “Қайрат” клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың трансферлік құны өсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Transfermarkt Қазақстан Премьер-Лигасы 2025 жылғы маусымы аяқталғаннан кейін, ел біріншілігіндегі ең қымбат ойыншылардың жаңартылған тізімін жариялады.
17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев тағы да ҚПЛ-дің ең бағасы биік ойыншысы атанды. Оның трансферлік құны бірден 1.2 миллион (724.1 млн теңге) еуроға өсті. Енді оның трансферлік құны - 3 миллион еуро (1.8 млрд теңге).
Екінші орында “Астананың” қорғаушысы Назми Грипши (1.5 млн еуро) болса, үздік үштікті Валерий Громыко (1.5 млн еуро) түйіндеп тұр.
Ал трансферлік құны бойынша үздік ондыққа кірген спортшылардың толық тізімі төменде:
1. Дастан Сатпаев ("Қайрат") — 3 миллион еуро 2. Назми Грипши ("Астана") — 1,5 миллион еуро
3. Валерий Громыко ("Қайрат") — 1,5 миллион еуро
4. Иван Башич ("Астана") — 1,2 миллион еуро
5. Ислам Чесноков ("Тобыл") — 1,2 миллион еуро 6. Офри Арад ("Қайрат") — 1,2 миллиона еуро
7. Усман Камара ("Астана") — 1 миллион еуро
8. Егор Сорокин ("Қайрат") — 1 миллион еуро
9. Джеффри Чинеду ("Астана") — 900 мың еуро
10. Бранимир Калаица ("Астана") — 900 мың еуро.