Мессидің голы "Интер Майамиге" жеңіс әкелмеді

Мессидің голы
Футбол

Getty Images

"Интер Майами" Major League Soccer плей-офф кезеңі аясында сырт алаңда "Нэшвиллден" жеңілді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Командалардың бірі екі жеңіске қол жеткізгенге дейін жалғасатын серияның екінші ойынында алаң иелері сапынан Сэм Сарридж бен Джош Бауэр гол соқты. Ал майамилік клубтың матчтағы жалғыз голының авторы Лионель Месси болды. 

Енді бұл сериядағы есеп тең - 1:1. Шешуші ойын "Интер Майами" стадионында өтеді. Үшінші кездесуде жеңіске жеткен ұжым Шығыс конференциясының жартылай финалына шығады.