Зайнутдиновсіз: Талғат Байсуфинов қарашадағы ойындарға арналған нақты құрамды жариялады

Зайнутдиновсіз: Талғат Байсуфинов қарашадағы ойындарға арналған нақты құрамды жариялады
Футбол

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қарашада Бельгия және Фарер аралдарымен өтетін ойындарға арналған нақты құрамы жарияланды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

15 қарашада ұлттық құрама әлем чемпионатына іріктеудің соңғы матчында өз алаңында Бельгияны қабылдайды. Ал 18 қарашада Хорватияда Фарер аралдарымен жолдастық кездесу өткізеді. Бас бапкердің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов алдағы ойындарға арналған құрамды жариялады. Құрамға төрт қақпашы және 27 алаң ойыншысы енді.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұкан Төлепберген («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»), Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров, Талғат Кусяпов (бәрі – «Актобе»), Ян Вороговский, («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»);

Жартылай қорғаушылар: Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Рамазан Оразов, Жан Әли Пайруз, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Дамир Қасаболат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»), Рамазан Кәрімов («Астана»).

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 3 қарашада басталады. Команда құрамына Бахтиер Зайнутдинов енген жоқ. Жартылай қорғаушы команданың кеңейтілген құрамында болған. Алайда ойыншы денсаулығына байланысты "Динамо" сапындағы соңғы матчтарға қатысқан жоқ.