"Барыс" түздегі үшінші ойынында да жеңілді

Хоккей

"Барыс" ХК

"Барыс" кезекті сырт айдындағы матчын Челябіде жергілікті "Тракторға" қарсы өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

 Алғашқы кезеңде айдын иелері үш шайба соғып, екінші кезеңде есепті 4:0-ге жеткізді. Төртінші шайбадан кейін қақпадағы Андрей Шутовты Адам Шил алмастырды. Екінші кезеңде Майкл Веккьоне сан басымдығын жүзеге асырып, үшінші жиырма минуттықтың басында Джейк Масси тағы бір шайбаны соққан. Алайда "Трактор" бұған тағы екі голмен жауап қатты. Ал кездесудегі "Барыстың" үшінші шайбасын Тайс Томпсон өз есебіне жазды. 

"Трактор" - "Барыс" - 6:3 (3:0, 1:1, 2:2)

1:0 – 00:17 – Ливо (Григоренко, Дер-Аргучинцев)

2:0 – 08:47 – Рыков А. (Рыкманов, Агламзянов)

3:0 – 16:12 – Гросс (Ливо, Григоренко) ГБ

4:0 – 22:53 – Глотов ГМ

4:1 – 26:52 – Веккьоне (Уолш, Симонов) ГБ

4:2 – 40:31 – Масси (Уолш, Симонов)

5:2 – 48:22 – Жарков (Гросс)

6:2 – 51:34 – Федосеев (Коршков)

6:3 – 56:55 – Томпсон (Бреус, Бекетаев)

Қақпашылар: Дригер – Шутов (Шил, 22:53-60:00)