Еурокубоктерде ел намысын қорғайтын командалар белгілі болды
Футбол
Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 2025 жылғы маусымы аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Биыл “Қайрат” шешуші ойында “Астанамен” тең түсіп, қатарынан екінші рет ел чемпионы атанды. Ал астаналық ұжым екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті қостанайлық “Тобыл” түйіндеді.
Осы үш клубтан өзге, 2025/2026 жылдардағы Еурокубок маусымында Қазақстан атынан “Елімай” өнер көрсетеді.
Ал маусым қорытындысында “Тұран” Бірінші Лигаға түсіп қалды.
2026 жылы ҚПЛ-де 16 команда өнер көрсететінін де айта кету керек.