Таеквондо: Мария Севостьянова әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Таеквондо: Мария Севостьянова әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Басқа

Қазақстан таеквондо федерациясы

Бүгін Қытайдың Уси қаласында таеквондодан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы сапынан Мария Севостьянова (57 келі) мен Бейбарыс Қаблан (87+ келі) шығады.

Даянгқа ұлттық құрама сапынан алғаш болып 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайтян Мария Севостьянова шықты. Қарсыласы - Габон елінің өкілі. Отандасымыз алғашқы қарсыласын еш қиындықсыз жеңді.

Ал екінші айналымда Севостьянова венгриялық Лука Патакфалвимен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетіп, келесі айналымға өтті.