Australian Open: Елена Рыбакина 1/8 финалға шықты
Теннис
Елена Рыбакина / Сурет: Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық біріншілігінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Отандасымыз жарыстың үшінші айналымында чехиялық Тереза Валентовамен кездесіп, матчты екі сетте өз пайдасына шешті - 6:2, 6:3.
Елена Рыбакина турнирдің ширек финалының жолдамасын бельгиялық Элизе Мертенспен сарапқа салады. Екі теннисші бұған дейін түрлі турнирлерде өзара жеті кездесу өткізіп, оның алтауында Рыбакина жеңіске жеткен.