Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатындағы жарыс жолын бастады

Михаил Шайдоров Төрт құрлық чемпионатындағы жарыс жолын бастады
Қысқы спорт

Михаил Шайдоров / Сурет: Olympic.kz

Қытай астанасы Бейжіңде мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін жарыс жолын ерлер бастап, олар өздерінің қысқа бағдарламасын орындады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан намысын үш спортшымыз - Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев пен Олег Мельников қорғап жатыр. 

Ұлттық құрама үздігі Михаил Шайдоров өзінің қысқа бағдарламасы үшін төрешілерден 90,55 ұпай алып, аралық есепте төртінші орынға жайғасты. Ал Диас Жиренбаев болса, 63,9 ұпаймен 19-орынға, Олег Мельников 21-орынға (58,96) табан тіреді. 

Қысқа бағдарлама қорытындысында үздік үштікті Жапония спортшылары - Као Миура, Кацуки Томоно, Сота Ямамото құрады. Ертең, 25 қаңтарда спортшылар еркін бағдарламада сынға түседі.