Қазақ қыздары әлем чемпионатында көш бастап тұр
Хоккей
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы / Сурет: ҚХФ
Түркияның Ыстамбұл қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасында ІІ дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жарыстың төрт турынан кейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы турнирлік кестеде 12 ұпаймен көш бастап келеді. Қыздарымыз төрт матчтың төртеуінде де сенімді жеңіске қол жеткізді. Екінші орында Оңтүстік Корея құрамасы келеді - 11 ұпай. Ертең, 25 қаңтарда екі құрама әлем чемпионатындағы шешуші ойынын бір-біріне қарсы өткізеді. Жеңіске жеткен құрама І дивизионның В тобына берілетін жалғыз жолдамаға иелік етеді.
