Қазақстанның кіші ракетка шеберлері Бахрейнде үш медаль жеңіп алды

Қазақстанның кіші ракетка шеберлері Бахрейнде үш медаль жеңіп алды
Басқа

Сурет: Olympic.kz

Бахрейннің Манама қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі аяқталды. Аталған жарыста Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

U11 жас санатында қыздар арасындағы жекелей сында Адель Вебер күміс жүлдеге ие болды. Ал U19 жас санатындағы аралас жұптық сайыста қазақстандық спортшылар Қадырғали Қабдылуахитов пен Нұрислам Қасым қола жүлде алды. Қабдылуахитов жарыста У Ин Сюаньмен (Қытайлық Тайбэй) бірге өнер көрсетсе, Қасым Пэе Ю-Ханмен (Қытайлық Тайбэй) бірге ойнады.