Евгений Кошкин әлем Кубогы кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Евгений Кошкин әлем Кубогы кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды
Қысқы спорт

Евгений Кошкин / Сурет: Olympic.kz

Қазіргі таңда Инцелль (Германия) қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогының шешуші кезеңі өтіп жатыр. Ерлер арасында 500 метрлік қашықтықта қазақстандық спортшы Евгений Кошкин өнер көрсетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол 34,34 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, қорытынды есепте төртінші орынға табан тіреді. Польшалық Дамиан Журек (34,09) жеңімпаз атанды.

АҚШ спортшысы Джордан Штольц 34,26 секунд уақыт көрсеткішімен екінші орын алды. Ал эстониялық Мартен Лийв 34,29 секундта мәреге жетіп, үшінші сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, бұл Әлем кубогының кезеңі 2026 жылғы Олимпиада ойындары алдында соңғы ірі халықаралық жарыс болды.