"Барыс" қатарынан үшінші рет жеңілді

Хоккей

"Нефтехимик" - "Барыс" / Сурет: "Барыс" ХК баспасөз қызметі

Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті ойынын "Барыс" Нижнекамскіде өткізіп, "Нефтехимиктен" жеңілді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Кездесу есебін сан басымдығы кезінде айдын иелері ашса, екінші кезең нәтижелі шабуылсыз өтті. Ал ойынның қорытынды бөлігінің басында "Нефтехимик" кем құрамда айып соққысын орындауға мүмкіндік алып, оны жүзеге асырды. "Барыс" есеп айырмасын Семен Симоновтың шайбасының арқасында қысқартқанымен, айдын иелері астаналық команданың бос қақпасын дәл көздеді. Дегенмен, Михаил Кравец шәкірттері ойын соңында иеленген сан басымдығын жүзеге асырып, тағы да таблодағы көрсеткішті бір шайба айырмашылығына дейін қысқартты. Матчтың аяқталуына санаулы секунд қалғанда "Барыс" таразы басын теңестірген, алайда төрешілер шайба аяқпен соғылды деп есепке алмады. Осылайша, "Барыс" сырт айдында өткізген үш ойынында да жеңіліс тапты. 

"Нефтехимик" - "Барыс" 3:2 (1:0, 0:0, 2:2)

1:0 – 12:58 – Профака (Хоружев, Дерагчёв) ГБ

2:0 – 41:31 – Белозёров ШБ

2:1 – 51:37 – Симонов (Уолш, Масси)

3:1 – 58:07 – Шефигуллин (Дергачёв) БҚ

3:2 – 59:36 – Уиллман ГБ

Қақпашылар: Озолин – Шил