Семсерлесуден АЧ: отандастарымыз тағы да екі медаль иеленді

Семсерлесуден АЧ: отандастарымыз тағы да екі медаль иеленді
Семсерлесу

Қазақстан семсерлесу федерациясы

Семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионатының кезекті жарыс күнінде ел қоржыны тағя екі медальмен толықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қанжармен семсерлесуден ұлттық құрама мүшесі София Актаева қола жүлдегер атанды. Бұл - Қазақстанның семсерлесудің бұл түрінен осы жарыстағы алғашқы медалі.

Тағя бір қоланя қоржынға Нұрмұхаммед Жайлыбай салды. Ол қылышпен семсерлесуде үздік үштікке енді.

Бұған дейін Әдемі Серікбай мен Ғабидин Мұстафин Азия чемпионаты жүлдегерлері атанған.