Қазақ семсершілері Азия чемпионатындағы алғашқы жүлделерін еншіледі

Семсерлесу
Қазақстан семсерлесу федерациясы
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатын қос медальмен бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Малайзияда өтіп жатқан сары құрлық бәсекесінде Әдемі Серікбай күміс медаль иеленсе, Ғабидин Мұстафин үздік үштікті түйіндеді.
Жастар арасындағы Азия біріншілігі 26 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы семсерлесудің барлық үш түрінде жүлдеге таласады. Жарыста жалпы 29 спортшы ел намысын қорғайды.