"Барыс" ойыншысы ҚХЛ-дағы үздік голдың авторы атанды

Хоккей

"Барыс" ХК

Астаналық "Барыс" хоккей клубының шабуылшысы Всеволод Логвин Құрлықтық хоккей лигасындағы үздік голдың авторы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Лига YouTube-арнасында тұрақты маусымның жетінші аптасының үздік голдарының тізімін жариялап, онда қазақстандық клуб ойыншысының "Ақ Барс" қақпасына соққан шайбасы көш бастады. 

Всеволод Логвин өткен сенбіде қазандық клубқа қарсы болған кездесуде қарсылас ойыншыларын жалғыз өз алдап өтіп, көзге түскен еді.