Ұлттық құрама капитаны Диас Төлеуге гол арнады

Ұлттық құрама капитаны Диас Төлеуге гол арнады
Футбол

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп "Зенит" сапында соққан голын марқұм Диас Төлеуге арнады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстандық футболшы Ресей Премьер-Лигасы маусымындағы алғашқы голын соғып, оны осыдан бірнеше күн бұрын матч кезінде өмірден өткен жас футболшы Диас Төлеуге арнады. 

"Зенит" қорғаушысы "Сочи" қақпасына соққан голынан кейін, бейнекамераға "Т" әрпін көрсетті. Осылайшы, ол осы голын "Қайраттың" жас тәрбиеленушісіне арнағанын түсіндірді. 

"Бұл "Қайрат" академиясының тәрбиеленушісі Диас Төлеуге арналады. Осыдан үш-төрт күн бұрын, қателеспесем, матчтан кейін жағдайының қиындауына байланысты ол ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер көмектесе алған жоқ. Бүгін гол соққаныммен, аса қатты қуанбадым және оны Диасқа арнаймын", - деді Нұралы Әліп ойыннан кейін.