Қазақ боксшылары World Boxing ұйымы бекіткен үздіктер тізімінен табылды

Қазақ боксшылары World Boxing ұйымы бекіткен үздіктер тізімінен табылды
Бокс

KBF

Халықаралық World Boxing федерациясы әлемнің үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады. 

Қазақстан құрамасының жеті өкілі үздіктер тізімінің көшін бастады. Ерлер арасында көш басында өзбекстандық қос боксшы, үшінші орында кубалық Эрисланди Альварес (65 келі) — 2100 ұпаймен тұр. 

Ал төртінші сатыда қазақстандық Айбек Оралбай (90+ келі) — 2025 ұпай. Бесінші орынды Қазақстан өкілі Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмуд Сабырхан (55 келі) және өзбекстандық боксшылар 1650 ұпаймен тұрақтады. 

Әйелдер арасында польшалық Юлия Шеремета (57 келі) көш бастады. Бұрымды боксшыда 2075 ұпай бар. Екінші орында түркиялық Бусеназ Чакыроглу (51 келі) — 1975 ұпай, ал үздік үштікті бразилиялық Ребека Де Лима Сантос (60 келі) түйіндеді — 1837,5 ұпай. 51 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Назым Қызайбай 1750 ұпай жинап, төртінші орынға жайғасты. 

Айта кетелік, отандастарымыз Ливерпуль төрінде өткен әлем чемпионатында тарих жасап, жалпыкомандалық есепте көш бастаған еді.