Қазақстанның бірінші ракеткасы Венадағы турнирді сәтті бастады

Теннис
Александр Бублик Венадағы ATP-500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Александр Бублик жарыстың алғашқы кезеңінде Чили өкілі Алехандро Табилоны екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, екінші айналымға шықты. Матч бар болғаны бір сағат 7 минутқа жалғасты.
Келесі кезеңде Бублик ширек финал жолдамасын Алекс Михельсен - Франсиске Серундоло матч жеңімпазына қарсы өткізеді. Ойын 21 қазанда өтеді деп жоспарланған.