Азамат Айтхожин Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры болып тағайындалды

«Қазақстан хоккей федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс республикалық конференциясының шешімімен Азамат Серікұлы Айтхожин ұйымның бас директоры қызметіне сайланды.
Азамат Айтхожин спорт саласында мол басқарушылық тәжірибеге ие. Ол бұған дейін бірқатар спорттық нысандар мен мемлекеттік құрылымдарды басқарған, Астана қаласының Туризм және спорт департаментінде, сондай-ақ Физикалық мәдениет және спорт басқармасында жетекшілік қызмет атқарған.
Айтхожин «Астана» футбол клубының президенті, сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті, атқарушы директоры және бас хатшысы қызметтерінде де еңбек етті.
Маманның көпжылдық тәжірибесі мен жоғары кәсіби біліктілігі елімізде шайбалы хоккейді дамыту мен оның танымалдығын арттыруға ықпал етпек.
Сонымен қатар, Сәкен Мұсайбековтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ол енді «Барыс» хоккей клубының бас директоры қызметіне тағайындалды.