Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты басталды
Бокс

ҰОК

14-21 қазан аралығында Семей қаласындағы Abai Arena спорт кешенінде бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Ішкі біріншілікке еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады. Оның 246-сы ерлер, қалған 125-і әйелдер арасында бақ сынайды.

Бүгін, яғни 14 қазан жеребе тарту рәсімі өтеді. Ал жарыс шымылдығы 15 қазанда ашылады. Ақтық кездесулер 21 қазанға жоспарланған.

Айта кетейік, чемпионатта үздік атанғандар 2026 жылға арналған ұлттық құрамаға жасақталады.