Қайрат Боранбаев: «Рафаэль футболшы ретінде де тәжірибелі»

Футбол
Қайрат ФК
Алматылық «Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев бас бапкер лауазымына Рафаэль Уразбахтиннің тағайындалуына қатысты пікір білдірді.
Боранбаевтың айтуынша, Уразбахтиннің клубпен байланысы он жылдан астам уақытты қамтиды және ол бұл кезең ішінде түрлі өзгерістер мен даму сатысын басынан өткерген.
«Рафаэль футболшы ретінде де тәжірибелі, бұған дейін ұлттық құрамада ойнаған. Ол клубқа он жыл бұрын келді. Осы уақыт ішінде жаттықтырушылық құрамның бірнеше рет ауысқанына қарамастан, Уразбахтин үнемі клубтың ішкі құрылымында қалды. Ол Бердыевпен де, Кержаковпен де жұмыс істеді. Сондықтан клубты ішінен жақсы біледі. Көбіне екінші бапкер бас бапкерден де артық біліп жатады», – деді Боранбаев.
Айта кетейік, Уразбахтиннің жетекшілігімен «Қайрат» тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққан болатын.