Қуат Хамитов Дубайда жекпе-жек өткізеді

Қуат Хамитов Дубайда жекпе-жек өткізеді
Жекпе-жек

Ашық дереккөзінен

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың (29-8-2) кезекті жекпе-жегін өткізетіні белгілі болды.

«Найман» лақап атымен танылған спортшы 23 қазан күні БАӘ-нің Дубай қаласында өтетін ACA 194 турнирінде сынға түседі. Оның қарсыласы — ресейлік файтер Анатолий Бойко (12-4). 

«Дубай, 23 қазан. Қуат Хамитов және Анатолий Бойко», — деп жазды спортшы өзінің Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, бұл кездесу бұған дейін 14 қыркүйекте Алматыда өтуі тиіс болған. Алайда Қуат Хамитовтың жарақатына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілген еді.