Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Шахмат

Ашық дереккөзінен

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Албанияның Дуррес қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында үздік нәтижеге қол жеткізді. 

4–15 қазан аралығында өткен додада қазақстандық спортшылар үш медаль жеңіп алды. Марк Смирнов пен Эдгар Мамедов әлем чемпионы атанса, Сауат Нургалиев күміс жүлдеге ие болды. 

Биылғы чемпионатқа 84 елден 711 шахматшы қатысып, классикалық уақыт бақылауымен 11 турдан тұратын швейцариялық жүйе бойынша бақ сынады.

Аталмыш, ой бәсекесінде Қазақстан құрамасы 14, 16 және 18 жасқа дейінгі санаттарда 44 спортшымен өнер көрсетті.