Қазақстандық таеквондошылар Черногорияда екі жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық таеквондошылар Черногорияда екі жүлдеге қол жеткізді
Басқа

ҰОК

Черногория астанасы Подгорицада өткен G-1 санатындағы халықаралық таеквондо турнирінде Қазақстан құрамасы екі медаль иеленді. 

74 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Мақсат Орынбасар қарсыластарының барлығын ұтып, турнирдің алтын жүлдегері атанды. 

Ал 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әзірет Дүйсенбек үздік үштікке ілініп, қола медаль еншіледі. 

Айта кетейік, жарысқа 24 елден 300-ден астам спортшы қатысты.