Қазақстан 2029 жылғы ITF Таэквондо әлем чемпионатын қабылдайды

Қазақстан 2029 жылғы ITF Таэквондо әлем чемпионатын қабылдайды
Басқа

Olympic.kz

Қазақстан 2029 жылы өтетін ITF Таэквондо әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды. Бұл шешім Италияда өткен әлем чемпионаты аясындағы Таэквондо халықаралық федерациясының (I.T.F.) конгресінде қабылданды. 

Қорытынды дауыс беру барысында Қазақстан 43 дауыс жинап, 26 дауыс алған Қырғызстаннан басым түсті. Осылайша еліміз 2029 жылғы әлемдік доданың ресми иесі атанды. 

Сонымен қатар, I.T.F. ұйымының 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Қазақстандағы таэквондоның дамуына қосқан үлесі үшін Ерлан Ысқақовқа (Исекешев) арнайы Құрмет ордені табысталды. Марапатты Халықаралық Таэквондо Федерациясының Президенті, профессор Ri Yong Don өзі табыс етті. 

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатында түрлі жас санаттарында — 14–15, 16–17, 18–34 және 35–55 жас аралығында — бақ сынап жатыр.