«Реалдан» кейін «Жетісу»: «Қайрат» жанкүйерлері тағы да аншлаг жасады

«Реалдан» кейін «Жетісу»: «Қайрат» жанкүйерлері тағы да аншлаг жасады
Футбол

Қайрат ФК

Бүгін Алматының Орталық стадионында Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында «Қайрат» өз алаңында «Жетісуды» қабылдайды. 

Матч жергілікті жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр. Клубтың ресми мәліметінше, кездесудің барлық билеті сатылып кеткен. Бұл жолғы sold out «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы матчтармен тікелей байланысты. 

Естеріңізде болса, алматылық ұжым жақында мадридтік «Реалға» қарсы ойнап, оған куә болғысы келген мыңдаған жанкүйер стадионнан тыс қалып қойған еді. Ал бүгінгі кездесуге билет тапшылығы жанкүйерлердің клубқа деген ыстық ықыласын тағы бір мәрте дәлелдегендей.

Айта кетелік, матч 16:00-де басталады. Бұл уақытта Алматыда ауа райы +11 °C шамасында болады. Сондықтан жанкүйерлерге жылы киініп келу ұсынылады.