«Оралатын күн алыс емес»: Шавкат Рахмонов қауесеттерге жауап берді

«Оралатын күн алыс емес»: Шавкат Рахмонов қауесеттерге жауап берді
Жекпе-жек

Ашық дереккөзінен

Қазақстандық ММА жауынгері Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады. 

Ол твиттердегі парақшасында жанкүйерлеріне арнап:

«Күн сайын еңбек етіп жатырмын. Оралатын сәт те алыс емес. Октагонға қайта оралуды асыға күтудемін» – деп жазды.

Бұл жазба спортшының мансабына қатысты тараған қауесеттерге жауап секілді қабылданды. Бұған дейін кейбір ақпарат көздері қазақстандық файтер кәсіби спорттағы жолын аяқтауы мүмкін екенін хабарлаған болатын. 

Айта кетейік, Рахмоновтың кәсіби рекорды: 22 жеңіс, 5 жеңіліс және 1 жарамсыз деп танылған жекпе-жек. Ал 32 жастағы Пратес соңғы кездесуін 2025 жылдың тамызында UFC 319 турнирінде өткізіп, Джефф Нилді бірінші раундта нокаутпен ұтқан.