Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

IJF
Қазақстандық жас дзюдошы Дана Әбдірова Перудің Лима қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленді.
Перу астанасы Лимада дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалған жоқ. 57 келіге дейінгі салмақта белдескен Әбдірова жарыс барысында бес кездесу өткізіп, төртеуінде жеңіске жетті.
Іріктеу кезеңінде ол Эльвира Гурьева (IJF) мен Польшадан келген Коралина Сиенниканы тізе бүктірді. Ширек финалда жапониялық Уено Асукадан айласын асырса, жартылай финалда Бразилия өкілі Джованна Андрадені жеңді. Алайда шешуші белдесуде қазақстандық спортшы Жапония өкілі Мио Шираканеге есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, Лимадағы әлем чемпионатында әлемнің 65 елінен 463 жас татами шебері бақ сынап жатыр.