Александр Мартынович “Қайрат” клубынан кетпейтін болды

Футбол
Қайрат ФК
Алматылық «Қайрат» футбол клубы тәжірибелі қорғаушы әрі Беларусь құрамасының капитаны Александр Мартыновичпен келісімшартты ұзартты.
36 жастағы қорғаушы 2022 жылдан бері «Қайрат» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол командадағы негізгі ойыншылардың біріне айналып, алаңдағы ойын өрнегімен жас футболшыларға үлгі болып жүр.
Сонымен қатар, Мартынович Еуропа аренасында да клуб намысын қорғап, қорғаныстағы шеберлігімен көзге түсті. «Қайрат» клубы Александрды құттықтап, алдағы маусымдарда ұжыммен бірге жаңа жеңістер мен жетістіктерге жетуге тілек білдірді.
Айта кетейік, жаңа келісім 2026 жылдың соңына дейін жарамды және тағы бір маусымға созылуы ықтимал.