Криштиану Роналду испаниялық клубтың акциясын сатып алды
Криштиану Роналду. Сурет: Getty Images
"Әл-Наср" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду испаниялық "Альмерия" футбол клубы акциясының 25%-ын сатып алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
"Футболға үлесімді алаңнан тыс жерде де қосуды армандаған едім. "Альмерия" - тамыры терең, дамуға әлеуеті жоғары испаниялық клуб. Ұйым дамуының келесі кезеңіне қолдау көрсету үшін басшылықпен бірге жұмыс істеу мүмкіндігін асыға күтемін", - деп келтірді журналист Бен Джейкобс Роналдудың сөзін X әлеуметтік желісінде.
"Альмери" Сегунда чемпионатының биылғы маусымы турнирлік кестесінде үшінші орында келеді. Команда 27 ойында 48 ұпай еншілеген. Біріншіліктің турнирлік кестесінің бірінші орнында 50 ұпаймен "Расинг" (27 ойын) келеді.
🚨 𝗢𝗙𝗙𝗜𝗖𝗜𝗔𝗟: Cristiano Ronaldo has bought 25% of Spanish football club Almeria.
— The Touchline | 𝐓 (@TouchlineX) February 26, 2026
🗣️ "Almeria is a football club in a country I am very close to, I am looking forward to this." pic.twitter.com/vv1EwvRvTs
Cristiano Ronaldo has acquired a 25% stake in Almeria via his CR7 Sports Investments company.
— Ben Jacobs (@JacobsBen) February 26, 2026
Majority owner of the club is Mohamed Al Khereiji’s Saudi Media Corporation.
🗣️ Ronaldo: “It has been a longtime ambition of mine to contribute to football, beyond the pitch.
“UD… pic.twitter.com/oy1CO8mkal