Төрт қазақстандық семсерлесуден Грекияда өтетін Әлем кубогының кезеңінде өнер көрсетеді

Төрт қазақстандық семсерлесуден Грекияда өтетін Әлем кубогының кезеңінде өнер көрсетеді
Семсерлесу

ҰОК

Грекияның Гераклион қаласында 7-9 наурыз аралығында саблямен семсерлесуден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Халықаралық турнирде Қазақстан атынан төрт спортшы бақ сынайды. Медаль мен рейтингтік ұпайлар үшін Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик және Диляра Исабекова күреседі.

Жекелей сайыстар 7-8 наурыз күндері өтсе, 9 наурызда командалық турнир ұйымдастырылады.