Демеу Жадыраевқа Олимпиададағы есесін қайтару мүмкіндігі туды

Демеу Жадыраевқа Олимпиададағы есесін қайтару мүмкіндігі туды
Күрес

Olympic.kz

Қазақстандық спортшы Демеу Жадыраев Әлем чемпионатындағы кезекті жеңісімен жанкүйерлерін қуантты. 

Хорватияның Загреб қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Аталмыш бәсекенің кезекті жарыс күнінде Демеу Жадыраев боз кілемде өнер көрсетті.

1/8 финалда ол сербиялық балуан Алекса Иличпен күш сынасты. Тартысты өткен белдесуде Жадыраев 8:6 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. Енді Демеу ширек финалда жапониялық Нао Кусакаға қарсы шығады.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы оған бұған дейін Олимпиада ойындарында есе жіберген болатын. Сондықтан алдағы кездесу отандасымыз үшін жауапты сәт болмақ.