Еуропадан Қазақстанға: Ғалымжан Кенжебек неге оралды?

Еуропадан Қазақстанға: Ғалымжан Кенжебек неге оралды?
Футбол

ФК: «Елімай»

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек «Елімайға» ауысу себептерін түсіндірді, деп жазады Bassport.kz Sport Pulse-ке сілтеме жасап. 

— Менің «Кошицемен» үш жылдық келісімшартым болды. Словакия клубына ауысқан кезде команда үш шабуылшымен ойнайтын. Ал мен келгеннен кейін тактика екі шабуылшыға өзгерді. Сол себепті вингер ретіндегі менің ойын уақытым бірден қысқарды. Кейін Еуропада маусым аяқталды. Бас бапкер келіп: «Маған сенің ойының ұнайды, бірақ сен қалағандай көп ойын уақытын бере алмаймын. Қалсаң — қал, кеткің келсе — өз еркің» деді. Біз агентіммен ақылдасып, «Елімайды» таңдадық. Бұл шешіміме еш өкінбеймін, — деді Кенжебек. 

Айта кетейік, семейлік клубқа ауысқаннан бері жартылай қорғаушы Премьер-лигада сегіз матч өткізіп, бес гол соғып және үш нәтижелі пас берген.