Елорда клубы жанкүйерлерді таңғалдырды

Елорда клубы жанкүйерлерді таңғалдырды
Хоккей

ҚХЛ-дың 2025-2026 жылғы маусымындағы тұрақты чемпионатта «Барыстың» сәтті бастамасы хоккей жанкүйерлерін таңғалдырды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Ресейлік «Штаб Хоккеиста» порталы жүргізген сауалнамада астаналық клуб көпшіліктің дауысына ие болып, «Барыс» қатарынан екі рет жеңіске жетті: алдымен «Тракторды» овертаймда 4:3 есебімен, кейін «Амурды» буллит сериясында дәл осындай есеппен тізе бүктірді. 

Сауалнамада екінші орынға минскілік «Динамо» тұрақтады. Даррен Диц өнер көрсететін бұл команда «Спартакты» 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Үшінші орында — Челябінің «Тракторы». 

Айта кетелік, өткен маусымда Гагарин кубогының финалына шыққан командадан жанкүйерлер мықты ойын күткен, бірақ жаңа маусымдағы алғашқы үш матчта сенім ақталмады.