Қайрат Боранбаев: «Біз дәлелдедік, Қазақстан Чемпиондар лигасына лайық»

Футбол
inbusiness.kz
Алматының «Қайрат» клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев командасының тарихи жетістігіне – Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққанына байланысты әсерлі пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
«Біз мұны жасадық. Осындай сәттер үшін жылдар бойы еңбек еттік. Қазақстандық футбол Чемпиондар лигасы деңгейінде ойнай алатынын көрсеткіміз келді. Біздің клубтар еуропалық деңгейдегі қарсыластарды намыс пен абыроймен жеңе алатынын дәлелдедік. Академия, инфрақұрылым, өзіміздің жас тәрбиеленушілерді дамытуға бағытталған жұмыс уақыт өте өз жемісін береді. Шетелден тез шешім іздеудің қажеті жоқ, егер Қазақстанда өз мектебімізді қалыптастыруға мүмкіндік болса», – деп жазды Боранбаев әлеуметтік желіде.
Функционердің айтуынша, бұл жетістік тек ойыншылардың емес, сонымен қатар бапкерлердің, академия мамандарының, әкімшілік қызметкерлердің, дәрігерлердің және жанкүйерлердің еңбегінің нәтижесі.
«Біз мұны қала үшін, ел үшін, қазақстандық футболдың болашағына сенетін барша жанкүйерлер үшін жасадық. Енді Алматыға Еуропаның алпауыт клубтары келсін, жас балалардың футбол арманы оянсын, ал еліміздің мақтан тұтар командасы болсын», – деді Боранбаев.
Еске сала кетейік, 2025/26 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің жеребесі 28 тамыз күні, Астана уақытымен сағат 21:00-де өтеді. «Қайраттың» қарсыластары арасында «ПСЖ», мадридтік «Реал», «Барселона», «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Бавария», «Челси» сынды Еуропаның үздік клубтары болуы мүмкін.