ҚПЛ-2025: Жеті команда чемпиондыққа таласуда

ҚПЛ-2025: Жеті команда чемпиондыққа таласуда
Футбол

Kpl.kz

Қазақстан Премьер-лигасында чемпиондық үшін күрес тартысты өтіп жатыр. Биылғы маусымда жеті команда алтын медальға үмітін сақтап отыр, деп хабарлайды Bassport.kz.

Қазіргі таңда көшбасында — «Тобыл». Қостанайлық клуб 20 ойыннан кейін 44 ұпай жинады. Одан небәрі бір ұпайға артта қалған «Астана» мен «Қайрат» (әрқайсысы 43 ұпай, 20 матч).

Чемпиондық үшін күресте әлі де үмітін үзбеген басқа клубтар:

• «Ақтөбе» — 39 ұпай (21 матч),

• «Елімай» — 38 ұпай (22 матч),

• «Оқжетпес» — 32 ұпай (21 матч),

• «Жеңіс» — 31 ұпай (21 матч).

Ал турнир кестесінің төменгі бөлігінде «Ордабасы», «Қызылжар», «Жетісу», «Қайсар» және «Ұлытау» клубтары орналасқан. Қазіргі таңда «Тұран» мен «Атырау» құлдырау аймағында тұр.

Осылайша, маусымның шешуші бөлігі алда тұрған шақта бірден жеті клуб чемпиондық үшін күресті жалғастыруда.