УЕФА Ресей футболын халықаралық аренаға қайтару мәселесін қарастыруда

УЕФА Ресей футболын халықаралық аренаға қайтару мәселесін қарастыруда
Футбол

Чемпионат

Словенияның «Целе» клубының президенті әрі Ресей скейтбординг федерациясының вице-президенті Валерий Колотилоның мәлімдеуінше, УЕФА басшысы Александер Чеферин ресейлік футболды халықаралық жарыстарға қайта қосу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.

Колотилоның айтуынша, Чеферин Ресей футболына жанашырлық танытып, оның қайта оралуына барынша ықпал етуде.

— «УЕФА президенті ресейлік футболдың үлкен жанкүйері. Ол Ресей клубтары мен құрамасын Еуропа аренасына қайтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Қазіргі жағдайдан барлығы зардап шегіп отыр. Біз үшін бұл өмірлік маңызы бар мәселе. Клубтар да, ұлттық құрама да дайын болуы қажет. Халықаралық тәжірибенің жоқтығына қарамастан, дамуды тоқтатпау керек. Африкалық командаларға қарсы жеңістер құнды, бірақ Чили мен Перуге қарсы кездесулер әлдеқайда маңызды сынақ болмақ. Мұндай матчтар бәріне қажет. Біз де Ресей футболының оң имиджін сақтауға бар күшімізді салып жатырмыз», — деді ол.

Айта кетейік, Ресей құрамасы мен ресейлік клубтар 2022 жылдың ақпанынан бері Украинадағы жағдайға байланысты халықаралық турнирлерден шеттетілген.