Хабиб Нурмагомедовке 40 миллион долларлық ұсыныс түсті

Хабиб Нурмагомедовке 40 миллион долларлық ұсыныс түсті
Жекпе-жек

Новости Калмыкии

АҚШ-тың UFC аңызы Даниэль Кормье даңқты ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовтың октагонға қайта оралуы мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz Sport24.ru-ға сілтеме жасап.

Хабиб 2020 жылы UFC жеңіл салмақтағы чемпион белбеуін сақтап, ММА-дағы мансабын аяқтаған болатын.

«Хабибтің қайта оралуы мүмкін бе?
Оған 40 миллион долларлық жекпе-жек ұсынылды, бірақ ол «жоқ» деді. Егер сонша ақшаға да келіспесе, онда ол ешқашан қайта оралмайды», — деді Кормье Шеннон Шарпқа берген сұхбатында.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов ММА-да 29 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.